Пайдаланушы рөлдері туралы

Пайдаланушы рөлі (бұдан әрі рөл деп те аталады) – бұл құқықтар мен рұқсаттар жиынтығын қамтитын нысан. Рөл, пайдаланушының құрылғысында орнатылған "Лаборатория Касперского" бағдарламаларының параметрлерімен байланысты болуы мүмкін. Сіз рөлді пайдаланушылар жиынтығына немесе қауіпсіздік топтарының жиынтығына басқару топтары иерархиясының, Басқару серверлерінің кез келген деңгейінде немесе нақты нысандар деңгейінде тағайындай аласыз.

Егер сіз құрылғыларды виртуалды Басқару серверлерін қамтитын Басқару сервері иерархиясы арқылы басқарсаңыз, пайдаланушы рөлдерін тек физикалық Басқару серверінде жасауға, өзгертуге және жоюға болатынын ескеріңіз. Содан кейін, сіз қосалқы Басқару серверлеріне, соның ішінде виртуалды Серверлерге пайдаланушы рөлдерін тарата аласыз.

Сіз рөлдерді саясат профильдерімен байланыстыра аласыз. Егер пайдаланушыға рөл тағайындалған болса, пайдаланушы қызметтік міндеттерді орындауға қажетті қауіпсіздік параметрлерін алады.

Пайдаланушы рөлі белгіленген басқару тобы пайдаланушыларының құрылғыларымен байланысты болуы мүмкін.

Пайдаланушы рөлі ауқымы

Пайдаланушы рөлі ауқымы – бұл пайдаланушылар мен басқару топтарының тіркесімі. Пайдаланушы рөліне қатысты параметрлер тек осы рөл тағайындалған пайдаланушыларға тиесілі құрылғыларға қолданылады және бұл құрылғылар осы рөл тағайындалған топтарға, соның ішінде еншілес топтарға жататын болса ғана қолданылады.

Рөлдерді пайдаланудың артықшылығы

Рөлдерді пайдаланудың артықшылығы, әрбір басқарылатын құрылғы үшін немесе әрбір пайдаланушы үшін қауіпсіздік параметрлерін бөлек көрсетудің қажеті жоқ. Компаниядағы пайдаланушылар мен құрылғылардың саны көп болуы мүмкін, бірақ әртүрлі қауіпсіздік конфигурацияларын қажет ететін әртүрлі жұмыс функцияларының саны айтарлықтай аз.

Саясат профильдерін қолданудан ерекшеліктері

Саясат профильдері – бұл "Лаборатория Касперского" әр бағдарламасы үшін бөлек құрылған саясаттың сипаттары. Рөл әртүрлі бағдарламалар үшін жасалған көптеген саясат профильдерімен байланысты. Осылайша, рөл – белгілі бір пайдаланушы түріне арналған параметрлерді біріктіру әдісі болып табылады.

Сондай-ақ, қараңыз:

Сценарий: Желі қорғанысын конфигурациялау

Басына оралу